10 сағат бұрын
«Сұрмерген»: «Барыс» Роман Старченкомен келісімшартты тағы бір жылға созды

Фото: «Барыс» хоккей клубы
«Барыс» хоккей клубы тәжірибелі шабуылшы Роман Старченкомен біржақты келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Келісім 2026 жылдың 31 мамырына дейін, бір маусымға есептелген. Қазақстандық хоккей аңызы клуб сапында өзінің 17-маусымын өткізбек.
Роман Старченко – Құрлықтық хоккей лигасы тарихында бір клубтың құрамында ең көп матч өткізген ойыншы (810 кездесу). Сондай-ақ, ол КХЛ-де 800 матч межесінен асқан санаулы хоккейшілердің бірі. Сонымен қатар, ол КХЛ-де 800 матч шегінен өткен оныншы хоккейші.
Өткен маусымда «Барыс» капитаны 27 ойында 12 (4+8) ұпай еншіледі. Қазіргі уақытта Роман — клуб тарихындағы екінші үздік сұрмерген. Оның қоржынында 211 шайба бар.
