Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Фрибет 10 000₸. Құр қалма! Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайға есе жіберді

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайға есе жіберді

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Қытаймен жолдастық кездесуде қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ойынның бірінші кезеңінде қарсыластар бір-бірінің қақпасына гол соға алған жоқ. Екінші кезеңде қазақстандық хоккейшілер бір гол соқса, оған қытайлық құрама екі шайбамен жауап берді.

Үшінші кезеңде есепке өзгеріс енген жоқ. 

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді.

Қазақстан – Қытай 1:2 (0:0, 1:2, 0:0)

1:0 - 33:56 - Зубкова (Олжабаева, Ашимова) 

1:1 - 35:04 - Тян Боя (Чанг Анна) 

1:2 - 39:35 - Тян Боя (Чао Кинан)

Қақпашылар: Щеколова - Лай Гуимин

Бұл кездесу Азия чемпионаты дайындығы аясында өткізіліп отыр. Айта кетсек, 5-8 қараша аралығында Өскемен қаласында әйелдер арасындағы Азия чемпионаты болады. 


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас