Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Фрибет 10 000₸. Құр қалма! Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

ҚХЛ: «Барыс» елордада «Нефтехимик» командасымен кездеседі

ҚХЛ: «Барыс» елордада «Нефтехимик» командасымен кездеседі

Фото: «Барыс» хоккей клубы

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 3 қарашада Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Кездесу Қазақстан уақытымен 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазірге дейін командалар 43 мәрте шеберлік байқасты. Оның 19-ы елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.

Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласынан басым түсті.

Турнир кестесінде «Барыс» 19 ұпаймен 17-орынға жайғасса, «Нефтехимик» 23 ұпаймен 13-орында келеді.

Қазақстандық клуб бұдан кейін төрт ойынын елордада өткізеді. Алдымен 5 қарашада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасымен ойнаса, 7 қарашада «Автомобилист» (Екатеринбург), 9 қарашада «Металлург» (Магнитогорск) клубтарымен шеберлік байқасады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас