2 күн бұрын
«Барыс» команда құрамында жарақат алған ойыншылар туралы айтты
Фото: «Барыс» хоккей клубы
Елордалық «Барыс» қазір алған жарақатына байланысты команда сапынан кімдердің емдеу шарасын жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде елордалық клуб ҚХЛ-дың кезекті турындағы Ресейдің «Нефтехимик» командасымен кездесу алдында жариялаған ақпаратында айтты.
- Демалыс күндері команда қатарына жаңа ойыншы Макс Уиллман қосылды. Әлихан Әсетов жарақаттан айығып, қайта сапқа оралды. Екеуінің де бүгінгі матчқа қатысуы әбден мүмкін. Ал жарақат алғандар қатарында Никита Бояркин, Максим Мухаметов және Эмиль Галимов бар. Соңғы «Трактормен» өткен ойында ауыр жарақат алған қорғаушы Тайлер Уотерспун да жақын күндері лазаретке қосылады, - деп жазылған хабарламада.
Қазақстандық команда кезекті ойынын бүгін, 3 қарашада елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізеді,
Кездесу Қазақстан уақытымен 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас