5 сағат бұрын
«Барыс» қорғаушысы Тайлер Уотерспун ұзақ мерзімге қатардан шықты
Фото: «Барыс» хоккей клубы
Елордалық «Барыс» қорғаушысы Тайлер Уотерспун жарақат алғандар тізіміне енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
- «Тракторға» қарсы сырт алаңдағы матч барысында ол тізе буынын жарақаттап алды. Хоккейшіге ота және қалпына келу үшін ұзақ кезең қажет болмақ, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетсек, қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 5 қарашада Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы өткізеді.
Кездесу Қазақстан уақытымен 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас