5 күн бұрын
Қазақстан әйелдер құрамасы хоккейден Азия чемпионатын сәтсіз бастады
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
Өскемен қаласында жалауын көтерген Азия чемпионатында шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы алғашқы ойынында Жапониядан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жапониялық хоккейшілер бірінші кезеңде жауапсыз екі гол соқса, екінші кезеңде тағы үш мәрте дәл көздеді. Үшінші кезеңде жапониялық хоккейшілер бір шайба соғып кетті.
Осылайша отандастарымыз қарсыласына 0:6 есебімен есе жіберді.
Казахстан – Жапония 0:6 (0:2, 0:3, 0:1)
0:1 – 07:55 – Макото (Токо)
0:2 – 15:29 – Куросу (Сато, Камада)
0:3 – 20:48 – Норо (Ямашита, Ваджима)
0:4 – 24:47 – Миура (Токо, Ито)
0:5 - 36:46 - Токо (Норо) ГБ
0:6 - 40:59 - Томиучи (Ваджима, Маеда)
Қақпашылар: Щеколова - Масухара
Енді қазақстандық хоккейшілер алдағы ойынын 8 қарашада Украинаға қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас