4 күн бұрын
«Барыс» Михаил Кравецпен қош айтысуы мүмкін
«Барыс» хоккей клубы бас бапкер Михаил Кравецпен қош айтысуы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ресейлік маман бұл қызметке биылғы жылғы жазғы маусымда келді. «Барыс» соңғы бес кездесуде жеңілістің ащы дәмін татты. Ал 14 матчта қазақстандық клуб тек екі жеңіске жетті.
Қазіргі уақытта команда 24 матчтан кейін 19 ұпай жинап, ҚХЛ-дің шығыс конференциясының кестесінде тоғызыншы орында тұр.
Келесі ойында «Барыс» 7 қарашада елордада Ресейдің «Автомобилист» командасымен кездеседі.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас