2 күн бұрын
Қазақстандық киберспортшы IEM Chendu 2025 турнирін жеңді
Фото: cn.game-tournaments.com
Бразилияның Furia командасында ойын көрсететін қазақстандық киберспортшы Даниил Голубенко IEM Chendu 2025 турнирінің жеңімпазы және үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл турнирдің басты сайысында еуропалық Vitality ұжымымен бақ сынасты. Көпшілік арасында molodoy лақап есімімен кеңінен танымал қазақстандық спортшы өз командасының жеңіске жетуіне күш салды.
Нәтижесінде бразилиялық команда қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.
Турнирдің жүлде қоры - 1 млн АҚШ доллары (524 миллион теңге), Жеңімпаз атанған адам 125 мың АҚШ долларын (65 миллионов тенге) алады.
Ойыннан кейін қазақстандық спортшыға турнирдің үздік ойыншысы атағы берілді. Турнир барысында ол 1,27.орташа рейтингімен 14 карт ойнады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас