30.12.2024
Наурызбек Жагоров – «Тобылдың» жаңа ойыншысы
Фото: «Тобыл» ФК
«Атырау» сапында ойнаған жартылай қорғаушы «Тобыл» құрамына қосылды.
Наурызбек Жагоров былтырғы маусымда 23 ойынға қатысып, 1 гол соқты. Ол алаңның сол қапталында да өнер көрсете алады. Наурызбек ойынды өрбіту, қарсы шабуылға шығу, дұрыс ашыла білу, дриблинг сияқты футболшыға қажетті қабілеттерді жетік меңгерген.
Туған жылы: 1 наурыз 1998
Бойы: 176 см
Салмағы: 71 келі
Алаңдағы орны: жартылай қорғаушы
Азаматтығы: Қазақстан
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас