5 сағат бұрын
Қазақстандық клубтың бұрынғы хоккейшісі көз жұмды

Фото: «Металлург» ХК
Қазақстандық «Торпедо» және «Сарыарқа» хоккей клубының бұрынғы ойыншысы, ресейлік Кирилл Лебедев қайтыс болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Shot Telegram-арнасының мәліметінше, 33 жастағы хоккейшінің жүрегі көлік айдап келе жатқанда тоқтап қалған.
Кирилл Лебедев – 1991 жылдың 1 қазанында дүниеге келген. Ол магнитогорскілік «Металлург» хоккей клубының түлегі. Мансабында одан бөлек «Сарыарқа» (Қазақстан), «Торпедо» (Қазақстан), «Сочи» (Ресей), «Сибирь» (Ресей), «Куньлунь Ред Стар» (Қытай) сынды клубтардың намысын қорғаған. 2013/14 жылғы маусымда қарағандылық «Сарыарқамен» Жоғары хоккей лигасында топ жарды.
