Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

22.05.2025

Даңқты боксшы Мэнни Пакьяо рингке қашан оралады?

Даңқты боксшы Мэнни Пакьяо рингке қашан оралады?

Фото: Chris Hyde / Getty Images

Аты аңызға айналған филиппиндік былғары қолғап шебері, сегіз салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Мэнни Пакьяо рингке қайта оралады, деп хабарлайды Sport12.kz.

46 жастағы Пакьяо 19 шілде күні АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін бокс кешінде WBC нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы чемпион америкалық Марио Барриоспен (29-2-1, 18 КО) жекпе-жек өткізеді. Бұл – Пакьяоның соңғы төрт жылдағы алғашқы айқасы болмақ.

– Мен ораламын. Тарих жазатын уақыт келді,– деді Пакьяо әлеуметтік желісінде.

Еске салсақ, 46 жастағы Пакьяо 2021 жылдың тамыз айында өткен соңғы жекпе-жегінде кубалық Йорденис Угасаны (27-5-0, 12 КО) төрешілердің бірауыздан берген шешімі бойынша жеңген еді. Кәсіпқой боксқа арнаған 26 жылында Пакьяо жалпы саны 72 жекпе-жек өткізіп, 62-сінде қарсыласынан басым түскен. Жеңген айқастарының 39-ын мерзімінен бұрын аяқтаған.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан