4 сағат бұрын
«Локомотив» - шайбалы хоккейден Гагарин кубогының иегері

есейдің «Локомотив» (Ярославль) командасы 2025 жылғы Құрлықтық хоккей лигасы Гагарин кубогының иегері болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыстың аталған сатысында Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) және «Трактор» (Челябі) клубтарына шеберлік байқасты. Ойындар сериясы 13 мамырда Ярославль қаласынан бастау алды.
Нәтижесінде ярославльдік команда ойындар сериясында 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетсек, командалар ҚХЛ-дың тұрақты кезеңінде өз конференциясында үздік атанды.
«Локомотив» батыс аймағы бойынша жеңімпаз болса, «Трактор» шығыс бөлігінде көшбасшы атанды.
Сондай-ақ ярославльдік команда тұрақты кезеңде бірінші орын алса, челябілік ұжым екінші орынға табан тіреді.
Гагарин кубогы 2008 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін ЦСКА (Мәскеу), «Металлург» (Магнитогорск), «Ак Барс» (Қазан) - 3, СКА (Санкт- Петербор), «Динамо» (Мәскеу) - 2, «Авангард» (Омбы) мен «Салават Юлаев» (Уфа) - 1 мәрте кубокты төбесіне көтерді.
Айта кетсек, өткен маусымда Гагарин кубогына «Металлург» (Магнитогорск) клубы ие болды.
Еске салсақ, ҚХЛ-да қазақстандық «Барыс» биыл үшінші жыл қатарынан ҚХЛ-дың Гагарин кубогына шыға алмай қалды.
Ғалым Мәмбетәлиев жаттықтыратын «Барыс» клубы өз тарихында алғаш рет ҚХЛ-да соңғы орын алды.
