20 сағат бұрын

Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионаты финалынан тыс қалды

Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионаты финалынан тыс қалды

Фото: қазақстан дзюдо федерациясы

Мажарстан астанасы Будапештте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан бүгін, 16 маусымда Абылайхан Жұбаназар (81 келі) ширек финалдан тыс қалды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстандық балуан 1/8 финалда қазіргі Еуропа чемпионы, ресейлік Тимур Арбузовқа (IJF) есе жіберіп қойды.

Ол бұдан бұрын алғашқы елдесуінде молдовалық Петру Пеливанды, екінші айналымында бразилиялық Габриэль Фалькаоны жеңіп, 1/8 финалға жолдама алған еді.

Ал ел құрамасынан Эсмигүл Куюлова (63 келі) әлем чемпионатын алғашқы айналымнан аяқтады. 

Енді ертең, 17 маусымда Мейірлан Максим (90 келі) татамиге шығады.

Сондай-ақ 18 маусымда Нұрлыхан Шархан (100 келі) және Марат Байкамуров (100 келі), 19 маусымда Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) жүлдені сарапқа салады.

Қазірге дейін әлем чемпионатында ел құрамасынан Әбиба Әбужақынова (48 келі) күміс жүлдегер атанса, Мағжан Шамшадин (60 келі), Шерзод Давлатов (60 келі), Ғалия Тынбаева (48 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Есет Қуанов (72 келі) жарысты ерте аяқтады. 

Дзюдодан әлем чемпионаты 13-20 маусым аралығында өтеді. Онда 92 елден келген 566 спортшы 14 салмақта жүлдеге таласады.

Қазақстандық футбол клубтарының еурокубоктағы ықтимал қарсыластары анықталды

Футбол 1 сағат бұрын

Қазақстандық футбол клубтарының еурокубоктағы ықтимал қарсыластары анықталды

Cәкен Бибосыновқа отандық боксшылардан кімнің өнері ұнайды?

Бокс 2 сағат бұрын

Cәкен Бибосыновқа отандық боксшылардан кімнің өнері ұнайды?

Сәкен Бибосынов спорттан қашан кететіндігін айтты

Бокс 2 сағат бұрын

Сәкен Бибосынов спорттан қашан кететіндігін айтты

Бүгін еурокубок ойындарының жеребесі тартылады

Футбол 3 сағат бұрын

Бүгін еурокубок ойындарының жеребесі тартылады

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар кубогын төртінші орынмен аяқтады

Басқа 3 сағат бұрын

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар кубогын төртінші орынмен аяқтады

Шетелдік ойыншылар «Тұран» сапынан кетті

Футбол 3 сағат бұрын

Шетелдік ойыншылар «Тұран» сапынан кетті