4 сағат бұрын

Жапониялық балуан Мейірлан Максимнен кешірім сұрады

Жапониялық балуан Мейірлан Максимнен кешірім сұрады

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Жапониялық Гоки Таджима Мейірлан Максимнен кешірім сұрады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім етті.

Қазақстан дзюдо федерациясы Халықаралық дзюдо федерациясының төрешілер жұмысына жауапты супервайзерге Будапешттегі әлем чемпионатындағы Мейірлан Максим/Гоки Таджима (Жапония) белдесуіне қатысты мәселе көтерген еді. IJF жарақат әдейі емес, әдіс жасау барысында сәтсіз қимыл нәтижесінде пайда болғандықтан белдесуде жапониялық спортшы тарапынан ереже бұзылмағаны, сәтсіздік спорттық тәртіпке қайшы әрекет ретінде тіркелмейтінін түсіндірді.

IJF супервайзерлері Жапония құрамасының жаттықтырушы тобына спортшыларды аталған әдісті (o soto gaeshi) сақтықпен жасауды ескертті.

Мейірлан Максим ұлттық құрама дәрігері мен Әлем чемпионатының медициналық тобының нұсқаулығымен Будапештте ауруханада шұғыл тексеруден өтті. Нәтижесінде «Тізенің медиалды бүйір байламының үзілуі мүмкін деген күдік бар» деп диагноз қойды. Жарақатқа байланысты нақты ақпарат қосымша толыққанды тексеруден кейін беріледі. Қазіргі таңда Мейірлан Максим жарақатын шұғыл емдеу мақсатында Қазақстанға аттанды. 

- Белдесуден кейін жапониялық Гоки Таджима Мейірлан Максимнен жарақат үшін кешірім сұрап, татамиге оралғанын күтетінін айтты. Мейірлан Максимнің денсаулығына алаңдаушылық білдірген барша жанкүйерге алғыс білдіреміз және дзюдошымыздың татамиге мықты болып оралатынына сенеміз, - деп жазылған хабарламада. 

Бактиер Зайнутдинов «Реал Мадридке» ауыса алады

Футбол 3 сағат бұрын

Бактиер Зайнутдинов «Реал Мадридке» ауыса алады

Мақсат Абраев – чемпион! Freedom Media Cyber Cup 2025 қалай өтті?

Футбол 3 сағат бұрын

Мақсат Абраев – чемпион! Freedom Media Cyber Cup 2025 қалай өтті?

Жапониялық балуан Мейірлан Максимнен кешірім сұрады

Дзюдо 4 сағат бұрын

Жапониялық балуан Мейірлан Максимнен кешірім сұрады

Қазақстандық клубтардың футболдан Конференция лигасындағы ықтимал қарсыластары анықталды

Футбол 7 сағат бұрын

Қазақстандық клубтардың футболдан Конференция лигасындағы ықтимал қарсыластары анықталды

Марат Байқамұров Олимпиада чемпионынан жеңілді

Дзюдо 7 сағат бұрын

Марат Байқамұров Олимпиада чемпионынан жеңілді

Исхар Құрбаев 23 жасқа дейінгі санатта Азия чемпионы атанды

Күрес 7 сағат бұрын

Исхар Құрбаев 23 жасқа дейінгі санатта Азия чемпионы атанды