06.10.2025
Дана Әбдірова дзюдодан әлем чемпионатында күміс алды
Фото: Қзақстан дзюдо федерациясы
Қазақстандық жас дзюдошы Дана Әбдірова (57 келі) Перудің Лима қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандасымыз жарыс барысында бес кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады. Іріктеу кезеңінде Эльвира Гурьеваны (IJF), Коралина Сиенниканы (Польша) жарыс жолынан шығарды.
Ал ширек финалда жапониялық Уено Асукадан, жартылай финалда Андраде Жованнаны тізе бүктірді. Отандасымыз финалда жапониялық жас дзюдошы Мио Шираканеге есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Әлемдік додада 18 балуан ел намысын қорғайды. Халықаралық дзюдо федерациясының мәліметінше, ұлттық құрама сапына төмендегідей дзюдошылар енген.

Беделді бәсекеде еліміздің атынан ұлдарда Талғат Орынбасар мен Телжан Сұлтанбай (60 келі), Ақылжан Жұбатқанов пен Қайырхан Абдрахман (66 келі), Омар Нұрбергенов (73 келі), Даниил Крылов пен Арман Билалханов (90 келі), Асқар Бержанов (100 келі), Жантілек Нұртілепұлы (100 келіден жоғары) татамиге шығады.
Ал қыздарда Дана Әбдіроваданн өзге Тасним Әбдуәлі мен Сабина Юлдашбекова (48 келі), Нұрайлым Сәрсенбек пен Аяулым Қайрат, Дильназ Досберген (63 келі), Көркем Орымбек (70 келі), Анастасия Нагачевская мен Салтанат Ахметова (78 келі) секілді балуандарға сенім артамыз.
Аталған додада әлемнің 65 елінен 463 жас татами шебері бақ сынауда.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас