4 күн бұрын
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Жасөспірімдер Азиадасын үздік үштікте аяқтады
Фото: Қазақстан ҰОК
Жасөспірімдер Азиадасында дзюдодан Қазақстан құрамасы үздік үштікте аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан жасөспірімдр құрамасы Бахрейннің жасөспірімдер арасында Азия ойындарын 4 алтын, 5 күміс және 5 қола жүлдемен аяқтады.
Манама қаласында дзюдо бойынша бәсекелер екі күнге созылды.
Қазақстан құрамасынан Әділжан Нұрбекен (-50 кг), Бекәли Еркен (-66 кг), Фатима Сұпығалиева (-52 кг) және Айша Алтай (-70 кг) қарсылас шақ келтірмей, жарыс чемпионы атанды.
Ел құрамасынан Аслан Ерғалиев (-55 кг), Алуа Балтабай (-48 кг), Сейфіл Дәулеткерей (-73 кг), Шыңғысхан Тәңірберген (-90 кг) мен Әділжан Жаудинов (+90 кг) күміспен күптелсе, Адия Жанахмет (-40 кг), Інжу Сахабадин (-44 кг) Інжу Жұмажан (-57 кг), Азима Серік (-63 кг) және Тоғжан Төлебай (+70 кг) Қазақстан қоржынын қола жүлделермен толықтырды.
Азия ойындарында дзюдо бойынша бәсекеге барлығы 31 елден 182 жас татами шебері қатысты. Жалпыкомандалық медаль кестесінде Қазақстан құрамасы 2-ші орынға жайғасты.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас