11 сағат бұрын
Дзюдодан Қазақстан чемпионатының күнтізбесі белгілі болды
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Абай облысының орталығы Семей қаласында дзюдодан Қазақстан чемпионатының күнтізбесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім етті.
Ел біріншілігі 10-13 қараша аралығында өткізіледі. Алдымен 10 қарашада жарыстың ашылу салтанаты өтсе, сол күні ерлер 60, 66, әйелдер 48, 52 келі салмақта жеңімпаздарды анықтайды.
Ал 11 қарашада ерлер 73, 81, әйелдер 57, 63, 70 келі, 12 қарашада ерлер 90, 100, 100 келіден жоғары, әйелдер 78, 78 келіден жоғары салмақта татамиге шығады.
Жарыстың соңығ күні, 13 қарашада аралас командалық жарыс өтеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас