2 күн бұрын
Пара дзюдодан Астанадағы Азия чемпионатына неше ел қатысады?
7–9 қараша аралығында Астанада пара дзюдодан Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Сары құрлықтың додасына Азияның 9 елінен 100-ден астам татами шебері қатысады. Атап айтқанда, Астана татамиінде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Жапония, Моңғолия, Үндістан, Индонезия, Иран және Таиланд спортшылары бақ сынайды. Аталған жарыста Қазақстан ұлттық құрамасынан J1 және J2 санаты бойынша 21 дзюдошы бақ сынайды.
Азия құрлығының додасына 8 салмақта жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Ерлер 70, 81, 95, +95 келіде белдесетін болса, әйелдер 52, 60, 70, +70 келіде жүлдеге таласады.
Айта кетерлігі, Азия чемпионаты Beeline Arena Ұлттық теннис орталығында өтеді.
Чемпионат бағдарламасы: 7–9 қараша
7 қараша
– 10:00–13:00 – іріктеу белдесулері
– 15:30–17:30 – финалдық белдесулер
8 қараша
– 10:00–13:00 – іріктеу белдесулері
– 15:30–17:30 - финалдық белдесулер
15 қараша
– 10:00-15:30 басталуы – іріктеу және финалдық белдесулері (командалық)
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов