14 сағат бұрын
Дзюдодадан Қазақстан біріншілігіне Елдос Сметов қатысады
Фото: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Семейде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатына Олимпиада чемпионы Елдос Сметов құрметті қонағы ретінде қатысады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ел біріншілігі 10-13 қараша күндері «Абай Арена» спорт кешенінде ұйымдастырылады. Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан барлығы 600-ден астам татами шебері қатысады деп жоспарланған.
Қазақстан чемпионаты нәтижесінде 2025-2026 жылғы жаңа маусымға ұлттық құрама жасақталатын болады. Төрт күнге жоспарланған жарыста ерлер мен әйелдер 14 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды.
Cондай- ақ, аралас-командалық жарыстың жеңімпазына Қазақстан кубогі табысталады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас