Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Мәди Амангелді VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдесін алды

Мәди Амангелді VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдесін алды

Сауд Арабиясының Ар-Рияд қаласында VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан қоржынына 3-күміс жүлде түсті, деп хабарлайды Sport12.kz 

Ұлттық құрама спортшысы Мәди Амангелді (-81 кг) ақтық сында Ведат Албайрактан (Түркия) айласын асыра алмады. 

Айта кетейік, Мәди бүгін алғашқы белдесуінде Амирул Исламның (Бангладеш), ширек финалда Аскерби Гербековтің (Бахрейн), жартылай финалда Нугзари Таталашвилидің (БАӘ) алдын ораған. 

Қазір Ар-Риядтағы ойындарда Қазақстан құрамасының еншісінде 3 күміс, 1 қола жүлде бар. Аталған медальдің бәрін дзюдошылар еншіледі.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас