1 күн бұрын
Бір алтын, бір қола: Ислам ынтымақтастығы ойындарында дзюдодан екі жүлде түсті
Фото: Нұрғали Жұмағазы, Қазақстан ҰОК
Аруна Жангелдина Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында чемпион атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандасымыз 78 келіге дейінгі салмақта үздік атанды.
Финалда Жангелдина Камерун балуаны Георгику Мунесті жеңді.
Айта кетейік, Аруна осы ойындарда Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды.
Сондай-ақ тағы бір дзюдошымыз Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды. Ол 90 келіге дейінгі салмақта үшінші орын алды.
Қола жүлде үшін өткен белдесуде қазақстандық балуан Мухамеджон Абдужалилзаданы (Тәжікстан) жеңді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас