Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Ислам Махачевтің жекпе-жегіне 30% кэшбэк! Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Қазақстандық пара дзюдошылар Азия чемпионатында 16 медаль алды

Қазақстандық пара дзюдошылар Азия чемпионатында 16 медаль алды

7–9 қараша аралығында Астанада екінші мәрте пара дзюдодан Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды Sport12.kz

3 күнге жалғасқан сары құрлықтың бәсекесінде Қазақстан құрамасы Өзбекстан, Қырғызстан, Жапония, Моңғолия, Үндістан, Индонезия, Иран және Таиланд спортшыларымен сынға түсіп, жалпы есепте топ жарды.

Аталмыш жарыста Қазақстан ұлттық құрамасынан J1 және J2 санаты бойынша 21 дзюдошы бақ сынап, 8 салмақта белдесті. Нәтижесінде жерлестеріміз жеке сайыста 7 алтын, 3 күміс, 4 қола иеленді. Ал доданың шешуші күнінде ерлер мен әйелдер құрамасы командалық сында да үздік шықты.

Атап айтқанда, Альфия Тілекқабыл (52 келі, J1), Ибрагим Нұрмаханұлы (70 келі, J2), Асылан Нұрдаулетов (70 келі, J1), Ерғали Шамей (81 келі, J1), Ғалымжан Смағұлұлы (81 келі, J2), Жұрқамырза Шүкірбеков (+95 келі, J2), Аяла Мереке (+70 келі, J2) чемпион атанса, Бексұлтан Құлмырза (81 келі, J2), Бағланбек Оңалбек (+95 келі, J1), Ахмед Ахмедов (+95 келі, J2) күміс медальді еншіледі. Ал Бауржан Арстанбеков (81 келі, J1), Ерлан Утепов (+95 келі, J1), Айғаным Жанатбек (60 келі, J1), Динара Кужулова (70 келі, J1) қола жүлдені еншіледі.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас