Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Olimpbet Видеореп

10 сағат бұрын

Дзюдошы Бауыржан Нарбаев 7 жылдан кейін Қазақстан чемпионы атанды

Дзюдошы Бауыржан Нарбаев 7 жылдан кейін Қазақстан чемпионы атанды

Фото: Қазақстан ҰОК

Бүгін Семей қаласындағы «Абай-Арена» спорт кешенінде дзюдодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының алғашқы күні өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Назарыңызға жүлдегерлерді ұсынамыз: 

48 кг:

1. Тасним Абдуали (Шымкент қаласы)

2. Іңкәр Құралбай (Жамбыл облысы)

3. Зарина Құсадин (Алматы қаласы)

3. Әсел Русланова (Атырау облысы)

60 кг: 

1. Талғат Орынбасар (Шымкент қаласы)

2. Тоқтар Үміталиев (БҚО)

3. Нұрдәулет Мейрамбеков (Қызылорда облысы)

3. Асылхан Зинулин (БҚО) 

52 кг: 

1. Меруерт Сәрсенова (Маңғыстау облысы)

2. Іңкәр Төлепбергенова (Жетісу облысы)

3. Аружан Ережепова (Алматы облысы)

3. Сара Шұғаева (Алматы қаласы)

66 кг: 

1. Бауыржан Нарбаев (Маңғыстау облысы)

2. Ақылжан Жұбатқанов (Маңғыстау облысы)

3. Ақжігіт Насыр (Алматы облысы)

3. Мейірбек Байзақов (Жамбыл облысы)

«Бұл менің 7 жылдан кейін Қазақстан чемпионатында жеңіп алған алтыным. Осы аралықта күміс, қола және ащы жеңілістер де болды. Бұл менің ұзақ жылғы еңбегімнің нәтижесі. Былтыр салмақ ауыстырып, 66 кг дейінгі категорияға ауысқанмын. Бүгін бір жыл бұрынғы қоланы алтынға айырбастаудың сәті түсті. Қуаныштымын!»,-деді Бауыржан Нарбаев марапаттау рәсімінен кейін Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Бүгінгі чемпиондар мен жүлдегерлерді ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Елдос Сметовтің жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев, Олимпиада және әлем чемпионы Елдос Сметов, әлем чемпионы Максим Раков марапаттады. 

Ертең, 2-жарыс күні әйелдер -57, -63, -70 кг, ал ерлер -73 және -81 кг салмақта жүлдеге таласады. 



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас