Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

23.02.2025

Қақпашы Сиукаев «Жетісудан» «Атырауға» ауысты

Қақпашы Сиукаев «Жетісудан» «Атырауға» ауысты

Фото: «Атырау» ФК

Арсен Сиукаев «Атырау» ойыншысы атанды.

Ресейлік қақпашы клубқа еркін агент ретінде қосылды. Қос тарап 2025 жылдың соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

Сиукаев — «Кубань» клубының түлегі. Ол мансабында «Калуга», «Томь», «Машук-КМВ», «Биолог-Новокубанск», «Арарат-Армения», «Лори», «Спартак» және «Ақсу» сынды командаларда ойнаған.
Өткен маусымды «Жетісу» сапында өткізіп, 25 матчтың 9-ында қақпасын голдан аман сақтаған.

Еске салсақ, атыраулық ұжым өткен QFL маусымын 24 ойын өткізіп, 35 ұпаймен 7-орында аяқтаған болатын.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан