11 сағат бұрын
Бақыт Құсақбаева - Азия чемпионатының қола жүлдегері

Дзюдодан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде қоржынымызға жүлде түсті.
57 келіде өнер көрсеткен Бақыт Құсақбаева қола жүлде үшін өткен белдесуде Түркіменстан өкілі Майса Пардаеваны жықты.
Осылайша, отандасымыз өз мансабында алғаш рет сары құрлықтың жүлдесін еншіледі.
