6 сағат бұрын
Қазақстан әйелдер құрамасы – пара дзюдодан әлем чемпионы

Астана қаласында өтіп жатқан пара дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz
Жарыс барысында қазақстандық спортшылар Түркия, Үндістан және Өзбекстан құрамаларын жеңіп, тек Бразилия командасына жол берді.
Белдесулер айналмалы жүйе бойынша өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша ұпай саны жағынан алға шыққан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.
Жарыс нәтижесі:
1-орын – Қазақстан
2-орын – Түркия
3-орын – Бразилия
Ал ерлер құрамасы санаулы сәттен кейін финалда Бразилиямен күш сынасады.
