22.02.2025
Қазақстан Суперкубогында қызмет атқаратын төрешілер анықталды
Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Саят Қарабаев – Қазақстан Суперкубогы матчының бас төрешісі.
ҚФФ Төрелік ету және инспекциялау департаменті Қазақстан Суперкубогы матчының төрешілері мен инспекторды анықтады.
- Бас төреші: Саят Қарабаев (Астана)
- Көмекшілері: Тимур Тұрсымбаев, Нұржан Жүнісов (екеуі де – Астана)
- VAR төрешісі: Айдын Тасыбаев (Астана)
- AVAR төрешісі: Тимур Қумашев (Астана)
- Қосалқы төреші: Георгий Чеховский (Астана)
- Бақылаушы: Александр Борисов (Семей)
Айта кетейік, «Қайрат» — «Ақтөбе» арасындағы суперкубок ойыны бүгін, 22 ақпанда сағат 15:00-ге жоспарланған. Аталған матчты Qazsport арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи