15 сағат бұрын

Мераб Двалишвили жыл соңына дейін үш жекпе-жек өткізуге дайын

Мераб Двалишвили жыл соңына дейін үш жекпе-жек өткізуге дайын

Фото: Getty Images

UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Мераб Двалишвили Шон О’Мэллимен өтетін айқастан кейін кіммен күш сынасуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ол осы жылы тағы екі рет октагонға шығуға ниетті.

«Егер жыл соңына дейін тағы екі жекпе-жек өткізе алсам, өте қуанышты болар едім. Қазір қарап отырсам, Кори Сэндхагенмен айқасуға мүмкіндік бар сияқты. Біз бұрын ешқашан кездескен емеспіз. Ол – өте мықты, тәжірибелі спортшы. Біздің салмақта талай мықтыны жеңген», – деді Двалишвили BJPenn басылымына берген сұхбатында.

Сонымен қатар, Мераб күзге дейін бір жекпе-жек өткізіп, жыл соңында тағы бір айқасты Нью-Йоркте немесе қазіргі тұратын жері – Лас-Вегаста өткізгісі келетінін жасырмады.

Айта кетейік, Двалишвили мен Шон О’Мэлли арасындағы титулды кездесу UFC 316 турнирі аясында өтеді.

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Әзербайжаннан жеңілді

Футбол 60 минут бұрын

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Әзербайжаннан жеңілді

Нидерландтағы турнирде қазақстандық бес боксшы жеңіске жетті

Бокс 1 сағат бұрын

Нидерландтағы турнирде қазақстандық бес боксшы жеңіске жетті

Қазақстан құрамасының алдағы қарсыласы Бельгиямен тең түсті

Футбол 2 сағат бұрын

Қазақстан құрамасының алдағы қарсыласы Бельгиямен тең түсті

Қазақстандық боксшының Испаниядағы жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

Бокс 2 сағат бұрын

Қазақстандық боксшының Испаниядағы жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

«Ролан Гаррос» турнирінің барлық финалисі анықталды

Теннис 3 сағат бұрын

«Ролан Гаррос» турнирінің барлық финалисі анықталды

Әлем чемпионаты: Норвегия футбол құрамасы Италияны ірі есеппен жеңді

Футбол 4 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Норвегия футбол құрамасы Италияны ірі есеппен жеңді