7 күн бұрын
Ислам Махачев UFC тарихына есімін жазды
Ислам Махачев аралас жекпе-жек тарихына алтын әріппен енді. Ол UFC-де екі түрлі салмақта чемпион атанған ұйым тарихындағы небәрі 11-ші спортшы болды.
UFC 322 турнирінде Нью-Йоркте өткен басты жекпе-жекте 34 жастағы Махачев бұрын иеленген жеңіл салмақтан кейін, бұл жолы жартылай орта салмақта да белдікке қол жеткізді. Ол австралиялық Джек Делла Маддаленаны бес раундтық айқаста төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (50–45) жеңді.
Ислам жекпе-жек барысында қарсыласын толық бақылауда ұстап, бірнеше рет тейкдаун жасап, Делла Маддаленаның ойын өзгертуге мүмкіндік бермеді. Нәтижесінде Махачев екі салмақта UFC чемпионы атанған үздік спортшылар қатарына қосылды.
UFC тарихында екі салмақта чемпион болған файтерлер:
- Конор Макгрегор
- Аманда Нуньес
- Даниэль Кормье
- Джон Джонс
- Алекс Перейра
- Илия Топурия
- Рэнди Кутюр
- Генри Сехудо
- Жорж Сен-Пьер
- Би-Джей Пенн
- Ислам Махачев
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас