Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Ислам Махачевтің жекпе-жегіне 30% кэшбэк! Өту
Olimpbet Видеореп

20 сағат бұрын

Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновпен реванш өткізуге дайын екенін мәлімдеді

Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновпен реванш өткізуге дайын екенін мәлімдеді

Ирландиялық UFC жекпе-жекшісі Иэн Мачадо Гэрри Белал Мухаммадты жеңген жағдайда қазақстандық Шавкат Рахмоновпен реванш мүмкін екенін айтты.

«Мен басқа жекпе-жекке келісетін жалғыз жағдай — Ислам жарақат алып қалса, ал Шавкат оралып, бұл уақытша титул үшін жекпе-жек болады деп айтса. Онымен есеп айырысқым келеді. Махачевпен жекпе-жектен басқа қабылдайтын жалғыз кездесу – осы», — деді ирландиялық спортшы.

Өткен жылдың желтоқсанында Гэрри қысқа мерзімде жарақат алған Белал Мухаммадтың орнына шығып, бес раундтық тартысты жекпе-жекте мансабындағы алғашқы жеңілісін тапты. Ол сол кезде Шавкат Рахмоновқа үміткерлік айқаста бір ауыздан шыққан төрешілер шешімімен есе жіберген еді.

Гэрри мен Мухаммадтың жартылай орта салмақтағы айқасы UFC Fight Night 265 турнирінің екінші басты жекпе-жегі ретінде Катарда бірнеше сағатдан соң өтеді.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас