2 күн бұрын
Алмабаев тағы бір айқын жеңіске жетті
Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (22–3) Дохада (Катар) өткен UFC Fight Night 265 турнирінде америкалық Алекс Переспен (25–9) октагонға шықты.
Ең жеңіл салмақтағы бұл жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен, жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Үшінші раундта Алмабаев бастаманы өз қолына алып, қарсыласын удушау әдісіне түсіріп, Пересті берілуге мәжбүр етті.
Бұл жеңіс Алмабаевтың кәсіби мансабындағы 23-ші жеңісі, ал UFC-дегі рекорды 6–1 болып жаңарды.
Алекс Перес үшін бұл — мансабындағы оныншы, ал UFC-де 2017 жылдан бері жинаған алтыншы жеңілісі.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас