2 күн бұрын
Асу Алмабаев UFC-дегі келесі жекпе-жегі туралы күтпеген мәлімет айтты
Қазақстандық UFC жауынгері Асу Алмабаев Катарда өткен UFC Fight Night турниріндегі жеңісінен кейінгі баспасөз мәслихатында америкалық промоушендегі келесі жекпе-жегін қашан өткізуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Sports.kz Namys Fighting-ке сілтеме жасап.
Алмабаевтың UFC-дегі үздік жекпе-жегі мерзімінен бұрын аяқталған еді.
— Егер 6 желтоқсанда біреу жарақат алып қалса, мен оны алмастыруға дайынмын. Қазақта «бие сұрасаң — бота береді» дейді. Сол үшін сұрау керек, ертең жекпе-жек бола ма, болмай ма — белгісіз. Бірақ ең бастысы — барып, дайындалып, менің дайын кандидат екенімді көрсету, — деді Алмабаев.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы кеше Дохада өткен турнирде америкалық Алекс Пересті үшінші раундта сабмишнмен мерзімінен бұрын жеңді.
Сонымен қатар, найлегчай салмақтағы UFC чемпионы Алешандре Пантожа мен бірінші нөмірлі үміткер Джошуа Ван арасындағы жекпе-жек 6 желтоқсан күні Лас-Вегаста өтетін UFC 323 турнирінің қос-главный жекпе-жегі болмақ.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас