2 күн бұрын

Шавкат Рахмоновың UFC-дегі келесі екі қарсыласы кім болуы мүмкін ?

Шавкат Рахмоновың UFC-дегі келесі екі қарсыласы кім болуы мүмкін ?

Ресейлік ММА шолушысы Игорь Лазорин ирландиялық Иэн Гэрридің Белал Мухаммадты жеңуіне қатысты пікір білдіріп, қазақстандық Шавкат Рахмоновың титул жолындағы жағдайын бағалады.

22 қарашада Дохада өткен UFC турнирінде Гэрри бұрынғы уақытша чемпион Белал Мухаммадты үш раундтың қорытындысы бойынша бір ауыздан жеңді. Айта кетейік, Шавкат Рахмонов та бұл ивентте болып, тіпті Гэрримен қысқа сөйлесіп үлгерген.

Лазориннің айтуынша, Белалдың 37 жаста болуы оның чемпиондық деңгейде бәсекелесу мүмкіндігін төмендетіп отыр:

«Гэрридің жеңісі — бір ауыздан. Бой керемет болмады, бірақ Белал енді чемпиондық деңгейде күресе алмайды. Оған титулдық шанс беру дұрыс емес болар еді», — деді ол.

Журналист сонымен бірге титулдық картинаның күрделене түскенін атап өтті:

«Егер Ислам Камаруды таңдаса, бәрі тағы да күтеді. Ал Шавкат үшін — Пратес/Моралес жұбы. Солардың біреуі кейін Гэрримен кездеседі. Жоспар осы», — деп жазды Лазорин өз Telegram-арнасында.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас