22 сағат бұрын
UFC-дегі жеңістен кейін Алмабаев ерекше чемпиондық сый алды
Қазақстандық ММА жауынгері Асу Алмабаев Дохада өткен UFC Fight Night 265 турниріндегі жеңісінен кейін ерекше сыйға ие болды.
Алмабаев (6–1) америкалық Алекс Пересті үшінші раундта тұншықтыру тәсілімен жеңіп, жарқын жеңісіне жанкүйерлердің қошеметін алды. Жекпе-жек алдында қазақстандық спортшыға жанкүйерлердің бірі арнайы дайындалған, UFC чемпионының белдігімен безендірілген есімді шапан табыстады.
Әлеуметтік желілерде бұл сый «Қазақстаннан шығатын болашақ UFC чемпионына!» деген жазбамен жарияланды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас