Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

08.03.2026

Қазақстандық файтер UFC-де сенсациялық жеңіске жетті

Қазақстандық файтер UFC-де сенсациялық жеңіске жетті

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай UFC 326 турнирінде сәтті өнер көрсетті. Жекпе-жек Лас-Вегас қаласында өтті.

Нұрғожай бразилиялық дебютант Рафаэл Тобиаспен кездесті. Жартылай ауыр салмақта өткен жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын. Нәтижесінде қазақстандық спортшы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Айта кетерлігі, бұл кездесуде фаворит ретінде бразилиялық спортшы саналған еді.

Осылайша, Дияр Нұрғожай кәсіби мансабындағы он бірінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Рафаэл Тобиас кәсіби ММА-дегі екінші жеңілісіне ұшырады.

Айта кетейік, бұл Нұрғожайдың Ultimate Fighting Championship ұйымындағы алғашқы жеңісі болды. Бұған дейін оның рекордында екі жеңіліс болған және екеуі де мерзімінен бұрын аяқталған.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан