Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

09.03.2026

Жұмағұлов октагонға қайта оралмақ

Жұмағұлов октагонға қайта оралмақ

Қазақстандық ММА файтері Жалғас Жұмағұлов октагонға жақын арада оралуы мүмкін. Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында келесі жекпе-жегінің күнін көрсетіп, жазба жариялады.

Жекпе-жек шебері Х әлеуметтік желісінде:

«11 сәуір. Бір ессіз нәрсе жасауды ойлап жүрмін», — деп жазды.

Аталған күні Oktagon 86 турнирі Щецин қаласында өтеді. Алайда әзірге Жұмағұловтың бұл турнирге қатысатыны ресми түрде расталған жоқ.

Бұған дейін қазақстандық файтер басқа салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеуді жеңіп алуды жоспарлап жүргенін айтқан. Қазір ол аса жеңіл салмақта чемпион атағына ие.

Жекпе-жекке қарсылас ретінде жеңіл салмақтағы қазіргі чемпион, бразилиялық Игор Северино аталады. Оның рекорды — 10 жеңіс және 1 жеңіліс.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов кәсіби мансабында 28 жекпе-жек өткізіп, 19 рет жеңіске жетіп, 9 рет жеңілген.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан