5 сағат бұрын
Белал Мухаммад келесі жекпе-жегінде кіммен шығатынын айтты

Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммад алдағы демалыс күндері австралиялық Джек Делла Маддаленаға қарсы жекпе-жекте жеңіске жеткен жағдайда болашақ қарсыластары кім болуы мүмкін екенін айтып, өз ойын білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz
— Меніңше, бұл жекпе-жекте жеңіске жеткен соң, бәрі UFC-дің шешіміне байланысты болады. Олар кімге келесі мүмкіндік береді, кімді үміткер ретінде көреді – сол шешеді. Барлығы өзін келесі қарсылас болуға лайық көреді. Мысалы, Шон Брэди жақында Леон Эдвардсты жеңді. Ол өзін бірінші кезекте тұруы керек деп санайды. Бірақ оның басты мәселесі — мен оны бұрын жеңгенмін.
Иэн Гэрри бар. Соңғы екі жекпе-жегінде бір жеңіс, бір жеңіліс. Бірақ ол Пратесті жеңіп, жақсы хайп жинап жүр. Шавкат бар. Алайда оның жарақаты қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Тағы Усман да бар. Ол аты дардай спортшы. Егер Баклиді жеңсе, UFC оны «кезексіз» өткізуі де мүмкін. Себебі ол — үлкен жұлдыз.
Жалпы, мен қуаныштымын. Қарсыластар көп. Жекпе-жектерді жарнамалау үшін де жақсы мүмкіндіктер бар, — деді Белал TNT Sport-қа берген сұхбатында.
