Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

06.05.2025

Қазақстандық теннисші Италиядағы беделді турнирдің негізгі кезеңіне шықты

Қазақстандық теннисші Италиядағы беделді турнирдің негізгі кезеңіне шықты

Фото: ATP

Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко Италия астанасы Римде өтетін Internazionali BNL d'Italia ATP Masters 1000 турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Іріктеу турнирінің финалында Шевченко (АТР: 97) венгриялық Мартон Фучовичті (АТР: 134) қапы қалдырды.

Грунт төсенішіндегі кортта өткен кездесу 1 сағат 24 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Шевченко 3 эйс пен 3 брейк рәсімдеп, қос қателікке еш бой алдырмады. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:0 (6:4; 6:2) есебімен басым түсті.

Бұған дейін ол іріктеудегі алғашқы матчында аргентиналық Хуан Пабло Фикчовичті (АТР: 152) 2:0 (6:4; 6:4) есебімен тізе бүктірген еді.

Енді теннисшіміз жалпы жүлде қоры 8 055 385 еуроны құрайтын айтулы доданың негізгі кезеңінде бақ сынайды. Байрақты бәсеке 7 мамырда басталып, 18 мамырға дейін жалғасады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан