12 сағат бұрын

Милан Олимпиадасына 100 күн: Қазақстанда неше жолдама бар?

Милан Олимпиадасына 100 күн: Қазақстанда неше жолдама бар?

100 күннен кейін 2026 жылдың 6 ақпанында Милан мен Кортина-д’Ампеццо XXV қысқы Олимпиада ойындары басталады, деп хабарлады Sport12.kz.

Олимпиаданың қожайыны кім?

Милан мен Кортина-д’Ампеццо Олимпиада ойындарын өткізу құқығын 2019 жылдың 24 маусымында иеленді. Олар Швециямен таласқа түсіп, 47:34 дауысымен басым түсті.

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары тарихта алғаш рет бірнеше қалада өтеді. Ал ашылу салтанаты спортшылар шет қалмау үшін, бір мезетте Милан, Ливиньо, Кортина-д’Ампеццо, Предаццо ұйымдастырылып, екі Олимпиада алауы Милан мен Кортина-д’Ампеццода тұтанады. Айта кетерлігі, Италия өз тарихында үшінші мәрте қысқы Олимпиаданы қабылдағалы жатыр. Ең алғаш 1956 жылы Кортина-д’Ампеццо қысқы спорттағы әлемдік доданы бастап берген еді. Бір қызығы, Кортина-д’Ампеццо 1944 жылғы қысқы Олимпиаданы қабылдау құқығын иеленгенімен, 2 Дүниежүзілік соғысқа байланысты өтпеді.

Қазақстанның спортшылары алғаш рет бақ сынай ма?

1956 жылы Кортина-д’Ампеццо қысқы Олимпиада ойындарында КСРО сапында Алматы қаласының тумасы Александра Артеменко тау шаңғысынан бақ сынап, Қазақстаннан қатысқан бірінші Олимпиада спортшысы атанды. Ол 3 сайыс түріне қатысып, ең үздік көрсеткіш 14-орын болып тіркелді.

2006 жылы Қазақстан Турин төрінде өткен ақ Олимпиадаға 7 спорт түрінен 55 спортшысын қосып, жүлдесіз қалды. Сол сәтте Қазақстан сапынан шаңғышы Николай Чеботько мен Евгений Кошевой ең үздік көрсеткішті (6-орын) тіркеді.

Қанша жолдама бар?

2026 жылы 6-22 ақпан аралығында өтетін қысқы Олимпиада ойындарында 195 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Ресми мәнерлеп сырғанаудан ғана 2 жолдама бар. Өзге спорт түрінен квоталар әлем кубогының кезеңдерінен кейін үлестіріледі. Дәл қазіргі сәтте шаңғыдан - 7, тау шаңғысынан - 2, шаңғы қоссайысынан - 1, шаңғымен тұғырдан секіруден - 2, биатлоннан - 3, шорт-тректен - 9 квота бар. Бірақ квоталардың саны әр әлем кубогының кезеңінен кейін өзгеріске ұшырап отырады.

Үміт бар ма?

Өткен қысқы маусымда Қазақстан спотлшылары әлем чемпионатының 2 күміс, 1 қола медалін жеңіп алды.

Шорт-тректен Қытайдағы жаһандық додада 500 метр қашықтықта сынға түскен Денис Никиша екінші жыл қатарынан күміспен күптелді.

Мәнерлеп сырғанаудан Бостонда (АҚШ) өткен әлем чемпонатында Михаил Шайдоров өз өнерімен көпшілікті тәнті етіп, күміс жүлдегер атанды.

Параллельді могулдан Энгадиндегі (Швейцария) әлем чемпионатында Анастасия Городко араға 4 жыл салып, қола медальді еншіледі.

Конькимен жүгіруден бастапқы жылдамдық алудан әлемде ең үздік саналатын Евгений Кошкин, фристайл-акробатикадан Олимпиада чемпиондарын қалдырған жерлестеріміздің жетістіктері қысқы Олимпиада ойындарынан үміт отын жаққызады.

Milano Cortina2026 ресми сайтының дерегінше, 85 елден 3000-ға жуық спортшы 16 олимпиадалық дисциплина бойынша 116 жүлде жиынтығын сарапқа салады. Олардың арасынан ски-альпинизм бірінші рет Олимпиада бағдарламасына енгізілді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас