2 күн бұрын
Жеңіл атлет Кристина Овчинникова Грекиядағы халықаралық турнирде чемпион атанды

Жеңіл атлетикадан қазақстандық спортшы Кристина Овчинникова Грекияның Ханья қаласында өткен халықаралық турнирде чемпион атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Спортшы биіктікке секіру сайысында топ жарды. Овчинникова 190 сантиметр нәтижесін көрсетті.
Айта кетейік, отандасымыз Гумиде өткен Азия чемпионатында дәл осы көрсеткішпен бірінші орын алар еді. Алайда, ол жарысқа қатысушылар құрамына енбеген болатын.
