6 сағат бұрын

Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 7 медаль алды

Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 7 медаль алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан жасөспірімдер мен ерлер арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан командасы 3 жарыс күнінде 7 жүлдеге қол жеткізді. Оның үшеуі алтын, екеуі күміс, екеуі қола.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов тұтқалы ат снарядындағы жаттығуда ешкімге дес бермей, алтыннан алқа тақты. Отандасымыз финалда қазір әлемдегі ең күрделі комбинацияны орындап, 14.933 ұпай жинады. Сосын, жасөспірімдер санатында Роман Хегай Нариман секілді дәл осы дисциплинада чемпион атанды (финалда 13.800 балл). Ал Нұртаң Ыдырысов қос сырық дисциплинасында үздік шықты. Ол ақтық сында 13.933 ұпай иеленді.

«Бұл – Париж Олимпиадасынан кейінгі алғашқы ірі жарыс. Сол себепті, алған жүлденің орны бөлек. Жасыратыны жоқ, біздің құрлықтағы гимнастар әлемдік деңгейде өте мықты. Мұнда қарсыластармен сынға түсу – ерекше әсер береді»,-деді 3 дүркін Азия чемпионы атанған Нариман Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Еркін жаттығуда әлем чемпионатының қола жүлдегері Милад Карими Чечхонда осы сында күміспен күптелді. Тағы бір екінші орын тұтқалы ат снарядында Нұртаң Ыдырысовтың еншісінде (жасөспірімдер санаты).

Командалық көпсайыста Қазақстан ерлер және жасөспірімдер құрамасы 3-орыннан көрінді.

Былтыр өткен XI сары құрлық бәсекесінде Ұлттық құрама (жасөспірімдер, ерлер, әйелдер) жалпы есепте Қытай мен Филиппиннен кейін 3-орын алған. Ташкент қаласында гимнастарымыз 3 алтын, 4 күміс, 2 қола иеленген.

Жалпы Чечхон қаласындағы жарысқа 24 елдің таңдаулы спортшылары жиналды. Енді 12-15 маусым аралығында әйелдер өзара жүлдеге таласады.


Футболдан Франция құрамасы Ұлттар лигасында қола жүлдегер атанды

Футбол 3 сағат бұрын

Футболдан Франция құрамасы Ұлттар лигасында қола жүлдегер атанды

Италия құрамасы бас бапкерімен қоштасты

Футбол 3 сағат бұрын

Италия құрамасы бас бапкерімен қоштасты

Қаршыға Дәуітбектің Rizin лигасындағы келесі қарсыласы белгілі болды

ММА/UFC 4 сағат бұрын

Қаршыға Дәуітбектің Rizin лигасындағы келесі қарсыласы белгілі болды

Төрехан Сабырхан Шымкент атынан өнер көрсете береді

Бокс 4 сағат бұрын

Төрехан Сабырхан Шымкент атынан өнер көрсете береді

Қазақстан – Солтүстік Македония кездесуінде словакиялық төрешілер қызмет атқарады

Футбол 5 сағат бұрын

Қазақстан – Солтүстік Македония кездесуінде словакиялық төрешілер қызмет атқарады

Cолтүстік Македонияға қарсы ойында қақпа бағанын кім күзетеді?

Футбол 5 сағат бұрын

Cолтүстік Македонияға қарсы ойында қақпа бағанын кім күзетеді?