16 сағат бұрын
Ақтөбе облысы - мемлекеттік қызметшілер Республикалық Спартакиадасының чемпионы

11-16 маусым аралығында алғаш рет Өскемен қаласында өткен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасындағы Спартакиадасының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz
16 облыс және 3 мегаполисінен 1000-ға жуық қатысушы 9 спорт түрінен (шағын футбол, волейбол, 3х3 баскетбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, жүзу, қазақ күресі) жүлде сарапқа салды.
Жалпыкомандалық есеп нәтижесі:
- Ақтөбе облысы — 202 ұпай
- Атырау облысы — 199 ұпай
- Батыс Қазақстан облысы — 197 ұпай
- Шығыс Қазақстан облысы — 180
- Түркістан облысы — 172
- Павлодар облысы — 170,5
- Абай облысы — 153
- Ақмола облысы — 126,5
- Жетісу облысы — 120,5
- Шымкент қаласы — 117
- Қарағанды облысы — 115
- Алматы облысы — 111
- Жамбыл облысы — 92
- Қызылорда облысы — 89
- Қостанай облысы — 82,5
- Астана қаласы — 78
- Ұлытау облысы — 67,5
- Маңғыстау облысы — 66,5
- Алматы қаласы — 15
Айта кету керек, өткен жылы Ақтөбе қаласында өткен Спартакиаданың жеңімпазы да Ақтөбе облысы болған. Ал үздік үштікке Батыс Қазақстан және Түркістан облыстары енген еді.
