8 сағат бұрын
Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар кубогын төртінші орынмен аяқтады

Фото: Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті
Ханойда (Вьетнам) волейболдан әйелдер арасындағы AVC Ұлттар кубогы аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, Қазақстан құрамасы турнирде жүлдеге бір қадам жетпей қалды.Жартылай финалда біздің команда Вьетнамнан жеңіліп қалды.
Үшінші орын үшін өткен матчта қазақстандықтар Тайбэй командасына 1:3 есебімен (25:17, 13:25, 16:25, 13:25) есе жіберді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы жарысты төртінші орынмен аяқтады.
Бірінші орынды Вьетнам жеңіп алды. Екінші орын Филиппин құрамасына бұйырды. Тайбэй командасының еншісінде қола медаль.
