6 сағат бұрын
Алмас Өтешов басшылық қызметке тағайындалды

Фото: ВКонтакте
Бұрынғы белгілі ауыр атлет Алмас Өтешов Қызылорда облысында жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Б.Артаевтың бұйрығына сәйкес, 12 маусымнан бастап Өтешов Алмас Дәулетярұлы басқармаға қарасты “Олимпиадалық резерв даярлау орталығы” КММ директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Алмас Дәулетярұлы - Ауыр атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, ауыр атлетикадан 2 дүркін Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионы.
Осы уақытқа дейін яғни бес айға жуық басқармаға қарасты “Мұз айдыны” мекемесінде әдіскер болып қызмет атқарды.
Алмас Өтешов 1989 жылы дүниеге келген. 2010 жылы әлем чемпионатында күміс алса, 2008, 2009 жылдарда Азия чемпионатында қолаға қол созды.
Сәл ертерек Алмас Өтешлв журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың YouTube арнасында сұхбат беріп, өзінің жағдайы жөнінде баяндаған еді. Сол уақытта өзінің жұмыссыз жүргенін атап өтті.
