7 сағат бұрын
Алматыда ересектер арасында таэквондодан Қазақстан кубогы өтеді

Фото: Қазақстан таэквондо федерациясы
Алматыда ересектер арасында таэквондодан (WT) Қазақстан кубогының екінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кубокқа барлығы 200-ден астам даянг шебері қатысады деп жоспарланған. Таэквондошылар Алматы қаласындағы «ADD» спорт кешенінде 10 салмақ бойынша өзара мықтыны анықтайды.
Жарыстың алғашқы күні, 2 шілдеде ерлер арасында 58, 80 келіде, әйелдерде 49, 67, 67 келіден жоғары салмақта жүлделер сарапқа салынады.
Ал 3 шілдеде ерлер 63, 68, 80, әйелдер 53, 57 келі салмақта сынға түседі.
