6 сағат бұрын

Астанада ауыр атлетикадан жастар арасында Азия чемпионаты өтеді

Астанада ауыр атлетикадан жастар арасында Азия чемпионаты өтеді

Фото: Қазақстан ҰОК

Құрлықтық дода Астанада 4-10 шілде аралығында жастар мен жасөспірімдер арасында болады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Құрлықтық додаға 27 мемлекеттен 450-ден астам ауыр атлет қатысады жоспарланып отыр. Ал Қазақстан құрамасы жарысты ұйымдастырушы ел ретінде толық құраммен жүлде үшін бақ сынайды. Ел құрамасы сапында 30 ауыр атлет бар. 

Ел құрамасының аға жаттықтырушысы Альберт Хакимулиннің айтуынша, Азия чемпионатына дайындық жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілуде. Сондай-ақ, оқу-жаттығу жиындары Алматы облысында өтті. Жалпы наурыз айынан бері 6 дайындық жұмысы жүргізілді. Спортшылар күн сайын үлкен ынтамен жаттығып, бар күш-жігерін салып дайындалып жатыр. Ауыр атлеттер жарысқа толықтай дайын деуге толық негіз бар.

Құрама сапы 50 пайызға өзгерген. Азия чемпионаты олар үшін алғашқы халықаралық жарыс болмақ.

Айта кетсек, жарыс Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді.


«Атырау» басшылығы соңғы трансферлер жайлы ресми мәлімдеме жасады

Футбол 4 минут бұрын

«Атырау» басшылығы соңғы трансферлер жайлы ресми мәлімдеме жасады

Айбар Абдулла “Ақтөбеден” “Тұранға” жалға берілді

Футбол 11 минут бұрын

Айбар Абдулла “Ақтөбеден” “Тұранға” жалға берілді

Бокстан Әлем кубогы: Махмұд Сабырхан ширек финалға өтті

Бокс 26 минут бұрын

Бокстан Әлем кубогы: Махмұд Сабырхан ширек финалға өтті

Қызылордада стадион құрылысының 75 пайызы аяқталды 

Футбол 2 сағат бұрын

Қызылордада стадион құрылысының 75 пайызы аяқталды 

Әлем кубогы: Әнел Сақыш өзбекстандық боксшыға есе жіберді

Бокс 2 сағат бұрын

Әлем кубогы: Әнел Сақыш өзбекстандық боксшыға есе жіберді

Қазақстанда басым спорт түрлері анықталды

Басқа 5 сағат бұрын

Қазақстанда басым спорт түрлері анықталды