7 сағат бұрын

Астанада «Толағай» алыптар сайысы өтеді

Астанада «Толағай» алыптар сайысы өтеді

6 шілде күні Астана күніне арналған мерекелік шаралар аясында елорда іргесіндегі «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінің ашық алаңында дәстүрлі республикалық «Толағай» алыптар сайысы өтеді, деп хабарлады Sport12.kz

Ұлы даланың батырлық бейнесін насихаттап, қазақтың этно-ойындарын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылатын бұл додаға еліміздің әр өңірінен арнайы іріктелген білегі тоқпақтай, жауырыны қақпақтай, нағыз епті спортшылар қатысады.

Турнир барысында батырлар жеті түрлі сыннан өтеді. Олардың арасында салмағы 100 келілік серкені көтеру, 150 келі тартатын бөренені желкеге салып отырып-тұру, шамамен 1 тонна жүк артылған арбаны уақытқа сүйреу, қылышты шыдамдылыққа көтеру, 100 келілік тасты межелі қашықтыққа дейін апару, ауыр салмақтағы гір тасын көтеру және ұзындығы 1,5 метр болатын темірді мойынға салып иіп майыстыру сынды ерекше сайыс түрлері бар. 

— Аталған сайысты Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен елорда төрінде үшінші мәрте өткізгелі отырмыз. Жарыстың ашылу салтанаты 6 шілде күні сағат 16:00-де басталады. Барша ұлттық спорт жанашырлары мен қала тұрғындарын осы дүбірлі додаға келіп, алыптарға қолдау көрсетуге шақырамыз. Көрермендер үшін кіру тегін. Сонымен бірге «Арғымақ» кешеніне №303, №309 және №323 бағыттарындағы автобустар қатынайды, — дейді жобаның авторы әрі ұйымдастырушысы Тимур Спатаев.

Әлем кубогы: Махмұд Сабырхан жартылай финалға шықты, 

Бокс 3 сағат бұрын

Әлем кубогы: Махмұд Сабырхан жартылай финалға шықты, 

Махмұд Сабырхан техникалық нокаутпен жеңіске жетті

Бокс 3 сағат бұрын

Махмұд Сабырхан техникалық нокаутпен жеңіске жетті

Андрей Ферапонтов «Оқжетпес» командасы бас бапкері қызметінен кетті 

Футбол 3 сағат бұрын

Андрей Ферапонтов «Оқжетпес» командасы бас бапкері қызметінен кетті 

Гиорги Никабадзе «Атырауда» қалмайтын болды

Футбол 5 сағат бұрын

Гиорги Никабадзе «Атырауда» қалмайтын болды

Қазақстан футзалшылары ЕУРО-2026 плей-офф кезеңінде азулы қарсыласқа тап болды

Футзал 6 сағат бұрын

Қазақстан футзалшылары ЕУРО-2026 плей-офф кезеңінде азулы қарсыласқа тап болды

Қазақ спортының жанашырына лайықты марапат!

Басқа 6 сағат бұрын

Қазақ спортының жанашырына лайықты марапат!