7 сағат бұрын

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар рекордты жаңартты

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар рекордты жаңартты

Фото: Қазақстан ҰОК

Астанада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр деп хабарлайды Sport12.kz.

Азия чемпионатында қазақстандық Едіге Емберді құрлық рекордын жаңартты.

Оған бұл чемпионатта тең келер ешкім болмады. Едіге серпе көтеруде 194 келі нәтижемен Азия рекордын жаңартты. Жұлқа көтеруде 153 келіні көтерді. Қоссайыстың қорытындысы бойынша 347 келіні еңсеріп, чемпион атанды.

79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық ауыр атлет Нұржан Жұмабай тұғырдың ең биік сатысына көтерілді. Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 315 келіні көтерді. Оның ішінде серпе көтеруде Азия рекордын жаңартып, 175 келіні бағындырды. Ал жұлқа көтеруде Нұржан 140 келіні еңсерді.

Қазақстандық ауыр атлет Ақжол Құрманбек Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.

Спортшы қоссайыста 343 (151 + 192) келіні көтеріп, нәтижесінде тұғырдың екінші сатысына көтерілді.

17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы сайыста Нұрсила Берікбол үшінші нәтиже көрсетіп, қола медаль жеңіп алды. Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 177 (79+98) келі салмақты бағындырды.

Ал алтын медальді Оңтүстік Корея спортшысы Даен Ли жеңіп алды — 196 (88+108) келі. Екінші орынға Өзбекстан өкілі Сарвиноз Купайсинова орналасты — 187 (87+100) келі.

Едіге Емберді: Қазақстанда чемпион атануға міндетті едім

Басқа 2 сағат бұрын

Едіге Емберді: Қазақстанда чемпион атануға міндетті едім

Ел чемпионатының 15-турын 32 437 жанкүйер тамашалаған

Футбол 2 сағат бұрын

Ел чемпионатының 15-турын 32 437 жанкүйер тамашалаған

Кира Данилова Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды

Басқа 2 сағат бұрын

Кира Данилова Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды

Чемпиондар лигасы: Алматылық «Қайрат» «Олимпияның» осал тұсын таба ала ма

Футбол 3 сағат бұрын

Чемпиондар лигасы: Алматылық «Қайрат» «Олимпияның» осал тұсын таба ала ма

Шавкат Рахмонов: Базарда арба сүйрегеніме ұялмаймын

ММА/UFC 5 сағат бұрын

Шавкат Рахмонов: Базарда арба сүйрегеніме ұялмаймын

Футболдан әйелдер лигасында БИІК «Томирис-Тұранды» ірі есеппен жеңді

Футбол 7 сағат бұрын

Футболдан әйелдер лигасында БИІК «Томирис-Тұранды» ірі есеппен жеңді