7 сағат бұрын
Кира Данилова Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды

Фото: Қазақстан ҰОК
Кира Данилова Астанада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында чемпион атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Құрлықтық додада 69 келіде қыздар арасында ел құраамсы қоржынына екі медаль түсті. Қазақстандық Кира Данилова қоссайыстың қорытындысымен 198 (87+111) келіні бағындырды. Ал Софья Шальгина үздік үштіктен көрінді, нәтижесі - 175 (82+93) келі.
Екінші орынға өзбекстандық Динура Холдорова жайғасты. Ол қоссайыстың нәтижесінде 186 (81+105) келіні өзінің еншісіне жазды.
