3 күн бұрын
Аслан Қанатбек Дүниежүзілік ойындарда қола жүлдегер атанды

Қазақстандық спортшы Аслан Қанатбек Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында джиу-джитсудан қола медаль иеленді.
62 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Қанатбек үшінші орын үшін өткен жекпе-жекте колумбиялық Жайро Вивиекасты таза жеңді. Бұл – Қазақстан құрамасының аталған жарыстағы екінші жүлдесі.
Еске сала кетейік, бұған дейін каратэден 50 келі салмақта Мөлдір Жаңбырбай күміс медаль жеңіп алған болатын.
Дүниежүзілік ойындарда ел намысын Жәнібек Әбу-Бәкір (69 келі) мен Нұрсұлтан Дүйсенқұлов (77 келі) финалда қорғайды.
Қазақстан бұл жарысқа 1993 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде отандастарымыз 6 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль жеңіп алған. 2022 жылы АҚШ-тың Алабама штатындағы Бирмингемде өткен ойындарда 1 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдемен рекордтық нәтижеге қол жеткізген еді.
Биылғы дода 34 спорт түрінен өтіп, 253 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Жарысқа 17 тамызға дейін 114 елден 4 мыңға жуық спортшы қатысады.
